19.07.2022
  963


Автор: Баян Тіленшина

ҚАЙСАР КӨКЕМ 50- де

Қайсар деп қойды атыңды,
Көрсем деп сенен батылды,
Кенже ұл –Керім көп көріп,
Кіреуке өмір, қатулы.
Айдай әжең армандап,
Қойнына салған батыры!
Соғылған өмір балғасын,
Ата мен әке жалғасын,
Айдай әжең емізді,
Қойдың сүтін қорғасын,
Анаңды айттың атымен,
Әженің ұлы болғасын.
Шәрипаң келді келін боп,
Анаңа серік, сенім боп,
Қайрат, Алмас, Алмат пен,
Берік, Самат төлің боп.
Гүлзира мен Ақбөпең,
Қызыр қонар төрің боп.
50-ге келіп ерледің,
Өнерді өріп терледің,
Түйін түйіп темірден,
Сәулетте жолды бермедің,
Тіленші бидің ұрпағы,
Биікке қанат сермедің.
Жарты ғасыр асқанда,
60-қа қадам басқанда,
Өлеңнен өріп өлмес гүл,
Қоңырау еттім аспанға,
Құтты жас боп мың жаса,
Атыңа сай боп жасқанба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу