Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  268


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тор ма?

Тор ма?
Тұзақ па?
Ор ма?
Қақпан ба?
Әлпештеген ұл-қыздың
Салма басын көкпарға,
Қалдыра көрме көп дауға,
Түсіре көрме шырмауға,
Апара көрме оқпанға! –
Деп тілеймін Тәңірден,
Күн батқанда,
Таң атқанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу