Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  56


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Түлен түртіп, былыққан бар...

Түлен түртіп, былыққан бар,
Көздерін шел торлаған,
Қоймай қылқып, құныққан бар,
Қу бастан жүн қырыққан бар,
Қанағаты болмаған.
Неше түрлі шылықтар бар,
Адам айтса нанбаған.
Соның бәрін біліп болған,
Әбден тойған, ісіп, толған,
Толып жатыр онбаған.
Шәрбаты мен құйған балын
Қанша ішсе де қанбаған,
Дүния қамы – жиған малы
Ағып кетер ақырында
Түбі тесік дорбадан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу