Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  60


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сұйық затты қатты қылып...

Сұйық затты қатты қылып,
Қатты затты еріткен.
Адам жолын сәтті қылып,
Тар құрсақты кеңіткен.
Аналарды мейірлі етіп,
Ақ төсінен емізген,
Балаларды пейілді етіп,
Бал мен мейіз жегізген.
Еңкейгенді тік тұрғызып,
Тік тұрғанды еңкейткен,
Имандыға құт кіргізіп,
Шаңырағын көркейткен.
Жасырмайтын қылған ісін,
Жаратқанға ризамысың?
Иншалла!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу