Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  61


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жынды десе ақылы ауысқанды...

Жынды десе ақылы ауысқанды,
Азғын десе жаманмен қауышқанды,
Түлен десе адаммен алысқанды,
Малғұн десе жақсыны жанышқанды,
Кәззап десе қырсығып, қарысқанды,
Кәпір десе мақтаншақ «данышпанды»,
Тіл ұшында тұратын ауыр сөздер
Сағыз болып тіліме жабысқан-ды.
Адасқанның алды жөн, арты соқпақ,
Үйренгендер баяғы қалпын сақтап,
Алдыңғылар жүре алмай тартыншақтап,
Шыдамсыздар тұра алмай сабыр сақтап,
Өзін даттап, айтылған сөзін таптап,
Надан жұртқа кемеңгер қалай жақпақ?
Сөз түзелмей ел іші түзелер ме,
Ханнан қазық болмаса, биден тоқпақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу