Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  74


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алла бізді жаратса да жалаңаш...

Алла бізді жаратса да жалаңаш,
Киім берді тәнімізді жабуға,
Тамақ берді қалмасын деп адам аш,
Сана берді өзгелерді тануға.
Бұл фәниде тосып талай кедергі,
Кезігесің тоқсан түрлі сұрауға.
Шайтанды да арамызға жіберді
Пендесінің беріктігін сынауға.
Өткен жолға назарын сал кідіріп,
Зәмзәм су ма тілегені таңдайың?
Сол сынақта қалған болсаң мүдіріп,
Тайқы болып жаралғаны маңдайың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу