Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  61


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Орман еді пәленшенің атында...

Орман еді пәленшенің атында,
Сая болған бірге туған жақынға.
Жылдар өтті, тамырлары қырқылды,
Бұтақтары айналды енді отынға.
Сондай әсем көрпе көрдім жақында,
Отырды оған талай ғалым, ақын да.
Уақыт озды, тысы тозды, жыртылды,
Қиқымдары айналды енді қоқымға.
Күні бітсе, патша ма, әлде пақыр ма,
Кетер сиып үш-ақ құлаш ақырға.
Кекжең қағып кердеңдеме ендеше,
Мықтымсынып, басты бекер қатырма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу