Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  81


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тақ санынан жұп санына құт қонған...

Тақ санынан жұп санына құт қонған,
Алла жалғыз.
Басқалары жұп болған.
Өсімдікті, жануарды, адамды
Жалғастырар көрінбейтін жіп болған.
Адамзаттың болып келген жақтасы
Жіп дегенім – Жаратқанның ноқтасы.
Жіптің ұшын келістіріп байласа,
Сол бір жіптің нық түйіні – отбасы.
Алланы айтып таңда және кешқұрым,
Ала жібін аттамаған ешкімнің,
Саған қарап қысыламын кейде мен,
Ренжіткен жерім болса, кеш, күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу