Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  192


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көлік жоқта жүк тасисың дорбалап...

Көлік жоқта жүк тасисың дорбалап,
Ет аз болса, ас жасайсың салмалап,
Шам жоқ болса, жүре алмайсың сұрамай,
Қараңғыда жан-жағыңды қармалап.
Таңдамаса, түбі тесік ұрадай
Бірте-бірте батып кетер сорға бақ,
Дос көп болса, қарғып кетер жырадай
Арғы бетке өткізбейтін жарқабақ,
Қанып ішкен шайдан артық тағам жоқ,
Еңбек етсең маңдай терің сорғалап,
Қарап тұрсаң, кір жұқпайтын адам жоқ,
Судан мөлдір, сүттен таза, қардан ақ,
Оның бәрін болдырмайтын шамаң жоқ,
Жұқтырмасаң болды жалғыз арға дақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу