Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  87


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Түйе өткенше иненің көзінен кеп....

Түйе өткенше иненің көзінен кеп,
Кім айтады тірліктен безінем деп.
Иман тапқан бар шығар, аз да болса,
Жоғалтқанға сенімін кезігем көп.
Алдымызда тұрса да мұнартқан күн,
Тіршілікке қалайша кінә артқанмын.
Адасқанға айып жоқ, қайтып келсе,
Тапқандар көп бұл күнде жоғалтқанын.
Түзу іс пен қисық іс араласып,
Харам қоссаң халалға қара басып,
Періштенің жанына шайтан келіп,
Ғұмыр бойы өтеді жағаласып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу