Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тәнге торқа, жанына жұмақ тілеп...

Тәнге торқа, жанына жұмақ тілеп,
Айтамыз марқұмдарға бір-ақ тілек.
Орынды оның бәрі болса-дағы,
Тұрады көмейімде сұрақ тіреп.
Өлімнің жуықтығы жасытпай ма,
Кетеміз сұм-ажалдан қашып қайда,
Шынымен торқа болса көрдің іші,
Баруға ол жаққа жұрт асықпай ма?!
Тергейтін көр ішінде сұрақ барда,
Жанға да дайын тұрған жұмақ бар ма,
Артында қалғандарға алаң болса,
Шыбын жан жайлы орынға тұрақтар ма?!
Болатын ара-тұра қақтығысы,
Адамның Алланы айтпай жоқ тынысы.
Бәріміз баратын жер – жердің асты,
Түбінде қалатын жер –
Хақтың ісі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу