Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  66


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жас бала ойнақтаған тай емес пе...

Жас бала ойнақтаған тай емес пе,
Ата-ана алақаны май емес пе,
Тәлім мен тәрбие алса жас күнінен,
Бәрінен білімді адам бай емес пе,
Болмаса көсем серке қой бастайтын,
Жай халық топырлаған қой емес пе,
Жыршылар толып жатыр той бастайтын,
Оқ бойы озып тұрған ой емес пе,
Өнерлі өрге жүзіп, жанса бағы,
Шәкірті ұстазына сай емес пе,
Аспанда сансыз жұлдыз жанса-дағы,
Шын ғалым толып тұрған ай емес пе,
Құдайға сенбей ғалым, болса залым,
Сорайған, құр қалқиған бой емес пе,
Атағың сүйтіп жұртқа болса мәлім,
Шатыспа «ғалыммын» – деп,
Қой, егеспе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу