Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жуылмаған, ашып-быршып, кірі қалған бес елі

Жуылмаған, ашып-быршып, кірі қалған бес елі
Кесе-аяқты ит жаласа, сындырмай-ақ кесені,
Әбден ысып, қырып, жуып, пайдаланып құм, суды,
Жеті мәрте тазаласаң – дұрыс болар есебің.
Сол секілді достарыңды көңілің қалған кешегі
Қайтып үйірін тауып жатса, қайтпау үшін меселі,
Көңіл кірін сөзбен шайып, ас-суыңды ұсынып,
Жеті мәрте қонақ қылсаң – дұрыс болар есебің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу