Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  69


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қариялар жасы ұлғайған неге өлім тілейді...

Қариялар жасы ұлғайған неге өлім тілейді,
Көрешегі соншалықты емес шығар үрейлі?!
Артта қалған ұрпағына медет тілеп Алладан,
Кеудесіне жақсылықтың асыл ойы түнейді.
Жалғанды ұзақ көргендердің суалғандай көздері,
Ажар тайып, ақыл азып, кебек болар сөздері.
Ұзақ ғұмыр сүргендердің бүгілмей ме белдері,
Фәни-тірлік – жақсылық пен жамандықтың безбені.
Дүния деген керуен-сарай, қайтқан адам қонақтан
Қалмауы анық әрбір күні есептеулі санақтан.
«Болсын!» – десе күн де батқан,
«Болсын!» – десе таң атқан,
Қурап қалған қу сүйекке жан бітірген Жаратқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу