Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  194


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тәртіп

Үлкендерден жеп жүрген соң сарқытты,
Жас күнімнен болсам керек тәртіпті.
Түзу жолдан бұра тартып көрмеппін,
Жырларым да тура маған тартыпты.
Қайда барсам көрі екенін Қорқыттың
Білсем-дағы келешектен жыр күттім.
Көз көруге ұялатын сұмдықты
Құшағына жасырады барқыт түн.
Жыл мезгілін, күн мен түннің кезегін
Бір Алланың тәртібі деп, төземін.
Таң атады, кеш батады кестемен,
Енді неге өртенеді өзегім?!
Тоқта, тоқта!
Алсаң қайтер сәл тыным,
Бүгін неге бүтін емес, жартымын.
Балаларға жеткізе алсам болғаны,
Ата-анамның айтып кеткен тәртібін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу