Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  51


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Нені айтса да тауып айтқан

Қатты желді десе қазақ сұрапыл,
Ойында оның тұрған екен Исрафил.
Періштеден сескенетін қазағым
Көріп жүрген шайтандардың мазағын.
«ЖаҺаннамға жіберем, – деп, – жаныңды!»
Қорқытыпты ата дұшпан – жауымды.
Тірелетін арамзаның ат басы,
ЖаҺаннамы – тамұқтың бір қақпасы.
Жалған десе мына фәни өмірді,
Оған да олар болған екен сенімді.
Нені айтса да тауып айтқан, шын айтқан,
«Діншіл емес қазақтар!» – деп кім айтқан?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу