Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  78


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әлемде ең үстем

Түр-түсі келіскен
Жебірейіл періште
Рамазан айында,
Дүйсенбі күнінде,
Қадір түнінде
Араб тілінде
Мұхамбет хазіретке
Түсірген уахи
Әлемде ең үстем.
Адамға көріскен,
Дос болып, сеніскен,
Сүрені үйрету
Пара-пар жеңіспен.
Пайғамбар жинаған,
Пендеге сыйлаған
Құранның аяты
Әлемде ең үстем.
Үлгі алып көп істен,
Бас тартсаң терістен,
Дәм татсаң бақтағы
Тап-таза жемістен,
Олқыны толтырар,
Алтындай жарқырар
Аяттың әр жолы
Әлемде ең үстем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу