Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  69


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

Махамбетпен мұңдасу.

Махамбетпен мұңдасу.
Еркіндік пен ерлігіңнің өлшемі,
Күні кеше көктей өткен өлкені.
Нар ұлдарың намыс туын көтерді,
Жат алдында жігер жанып еңселі.
Сол бір сәттің елестері бәрі есте,
Тарих тарлан тартпайды әсте көмескі.
Ұл- қыздары ұлағатты ұлтымның,
Баба рухын бір серпілткен белеске.
Замананың иірімінде иіріліп,
Түспеу үшін араны аңғар өңешке,
О Махамбет ұрпағыңның бойында,
Атойлаған сенің қаның емес пе?!
Желтоқсанда желбіреткен жалауын,
¥шқынды үрлеп жаққан жастық алауын.
Бұла күшпен бұзған дәуір қамалын,
Өр ұрпағы қазақ атты бабаның.
О Махамбет сертті семсер арысым,
Қас дүшпанға қарсы шапқан ары үшін.
Бәлкім осы ұландардың қанында,
Лапылдаған сенің қайсар намысың.
Ұлы баба шер толғасам сен жайлы,
Сан сезімдер сапырылысып қоздайды.
Аруана ой адырларда аңырап,
Бота мұңым жүрегімде боздайды.
Қара орманым, қара нарым, қамалым,
Халқыңды ойлап қабарғанда қабағың.
Қабыланым қан майданда айқасқан,
Қас дұшпаның орнатқанда қара күн.
О Махамбет алмас тілді ардағым,
Сездім, сендім, сендік заман салмағын.
Еркіндікке бастап берен халқыңды,
Ұрандатып ұран-от жыр арнадың.
Ер Еділ мен Ер Едіге бабаңдай,
Шаршы әлемді шабуылмен шарлатып.
Тегі түркі Тоныкөктей топ жарған,
Ақинағын жауға сілтеп қандаған.
Шеру тартып шартарапты шаңдатып,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу