Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  72


Автор: Амангелді Бұғабаев

ӨМІР ЖАЙЛЫ ФӘЛСАПА

Абайша ойлап, аз ғана сөз толғасам,
Мұным үшін кінәламас мені ешкім.
Мені ешкім кінәламас нағыз Абай болмасам,
Мен де Абаймын демеспін.
Е, бауырым, өмір деген жауабы жоқ мың сұрақ,
Мынау қысқа ғұмырымда адами,
Таракани тірлігіңді тоқсынбай,
Өз орныңды іздеп табу немесе,
Сол сүраққа жауап іздеу құндырақ.
Өзгелерге кеуде керіп, көрсеткенмен шоң пішін,
Өзге түгіл, өзің үшін түсініксіз болмысың.
Қанша кеуде соққаныңмен "Құдай менің өзім" де
Бейшаралық суретің тұр, Көк Тәңірі көзінде.
Ессіздік пе, көзсіздік пе, ұғарсьңдар өздерің,
Мынау шексіз ғалам алдындагы мендік
Микро-болмысыңды сезінбеу.
Алланы – хақ, құлай – бір, деп түсінсек,
Ал біз болсақ нөл бүтін, трилиардттардың
Көзге ілінбес бөлшегі.
Демек, менше өмір сүру дегенің,
Яғни, мендік болмысыңның іздеу сапдық өлшемің.
Өмір деген демек, досым, ізденумен күн кешу.
Былайша айтсақ, мұрат жалғыз
Тәңірі-Көкпен тілдесу,
Тәңір сыйы – сендік ғүмыр текке досым өтпесін.
Қажет болса қар жамылып, мұз төсеніп, от кешіп,
Ізден сен де, қиялыңмен ойды-қырды шарла
Самғап көкке шық.
Сенің ойың жатсын сонау, шексіздікпен шектесіп.
Менің де сол шексіздікке кеткім кеп жүр бет түзеп,
Қайда бірақ оған жету, ойды қиын жеткізу,
Пенде-ғұмыр мені, сірә, жалықтырды дейсің-ау,
Мендік мақсат шексіздікті көктей өтіп, ой сынау.
Итің, итің, итіңдеген, күйкі тірлік тойдырды,
Шыбын жанға дауа таппай кезіп жүрмін ой-қырды.
Қайда барсам, кімді көрсем, куғандары той-думан,
Жанап кетсең мәңгүрттеніп, лезде аласын ойды улап.
Өмір сүру дегендері, қарын қамы, жан бағу,
Бұл не сонда, алдау, яки алдану?!
Мен көргенде, міне осындай неше мың сан мүсін бар,
Мұны айтсам кетем білем, найзасының ұшында.
Мен олардың деген емен ақылың кем, күшін кем,
Бірақ, мынау ойсыздығын қалай айтсын, түсінбен.
Бұл сөзімнен не айтпағым, ұғарсыздар ар жағын,
Менде қазір Елдік Мұрат, Елдік қайғы бар жаным.
Елдің мына түрін көріп күн кешемін азапты.
Тәңірімнен тілеп жүрмін, Қазактық пен Азаттық.
Қазақтығым – мынау сәттен Мәңгүрттіктен кеткендік,
Азаттығым – жер бетінен құрысын деу өктемдік.
Құлдық бұғау үзілсе деп, болса екен деп жаны азат,
Тілегенмен келмес білем, шекпей Ерлер сан азап.
Қазақтықтың мәнін білсе бізден туған ұл өсіп,
Бақыт саған келетінін жеңсең ғана күресіп,
Жеткізе алсам мына жырым жазылмады бекерге,
Онда мені Азаттықтың Дауылпазы екен де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу