Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  161


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Байқаңдар!

Жатамын дегендер жәннатта жастанып,
Кетуі мүмкін ғой тамұққа тасталып.
Жеймін деп ойлаған жұмақтың жемісін,
Шайтанмен жасырын жасаған келісім.
Хор қызын аңсаса көп айтқан сөзге еріп,
Қалмай ма бір мыстан кемпірге кез келіп.
Зәмзәмға құмартқан жылмақай жырынды
Ішуі мүмкін ғой сасыған іріңді.
Сенімім берік деп өтірік жайтаңдар
Арамға серік боп қалмаңдар, байқаңдар!
Бар болса мешітке жуынбай кіргендер,
Кейіннен бұл іске өкініп жүрмеңдер.
Түбі отта тұрса да, асы адал қазанның,
Салмағы өлшеулі тіп-титтей тозаңның.
Ендеше көңілге кірмесін жымысқы ой,
Кім едің өмірде – білгенің дұрыс қой!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу