Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  71


Автор: Жасұлан СЕРІК

Махаббаттың не екені беймәлім...

Махаббаттың не екені беймәлім,
Сондықтан ба ашылмаған сыры көп.
Ғашық болу – күйзелістер, қиналу,
Ғашық болу – жазылмайтын ұлы дерт.
Ауызында бір сөзі жоқ татымды,
Мені біреу жынды дейді, дей берсін.
Кей пенделер жазғырғанша ақынды,
Сұлулыққа сүйсінуді үйренсін.
Ақталмаймын, ақталып ед бұрын кім?
Кері қайта айналдырмас уақытты.
Кейіпкері болған әрбір жырымның,
Мен құмартқан арулар да бақытты.
Көш арбамды алға қарай сүйрер кім?
Тұрақсыздық, жүректе жоқ шыдам нық.
Мен өмірде бір-ақ рет сүйгенмін,
Ал қалғаны – сұлулыққа құмарлық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу