Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  70


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жүзіңе тамсанып қарайды ай неге?

Жүзіңе тамсанып қарайды ай неге?
Бұл жазған өлеңді, сұлуым, жай деме.
Екеуміз тоғыспас жолдарға ұқсаймыз,
Өмір деп аталар теңізде бұйырар қай кеме?
Елігі шығарсың есті алған еріктің,
Санамда қап кеткен ескі арман еліттім.
Өзімнен қызғанам кей сәтте абайсыз,
Айдан да әдемім, күннен де көріктім.
Мезі етіп санамды мезгілсіз мұнар күн,
Жанымның түбінде сені ойлап жылар мұң.
Өзіңді жүрекпен сүйгенім үшін мен,
Өзгеден өзгеше бақытты шығармын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу