Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  72


Автор: Жасұлан СЕРІК

Ақ парақта қалсын мәңгілік

Жүректе шіркін қыңсылап жатыр сан арман,
Адамзат озған қарап тұрсаңыз заманнан.
Өлеңге кейде беріліп кетіп қиялмен,
Сағымдай болып сарылып, шіркін, жоғалғам.
Жұдырықтайын ет жүрегіңнен кеудеме,
Тірі жан білмес тіршілік нұры таралған.
Сенімнен бастап сендірсем бе екен сөз басын?
Бұл шумақтарым жүректің қылын қозғасын.
Өзіңді ойлап өксігендігім соншалық,
Еңірегенмін жастыққа тамып көз жасым.
Сен салар тәтті қайда екен, жаным, аялы ән,
Аялы әнді естімек болып ой алаң.
Түсімде көріп, шашыңнан иіскеп жатқанда,
Тәтті қиялымнан көңілсіздеу ғана оянам.
Қанып ішермін өзіңнен қашан шырынды,
Еліріп жүріп естімеппін де үніңді.
Жүрегіңменен ұғар ме екенсің ақтарсам,
Өзіңе деген еш пенде білмес сырымды.
Қыз едің, еркем, мінезі көркем, бал қылық,
Бал қылығыңмен жүруші ең естен тандырып.
Өзіңді сүйген жүректің тылсым бір сыры,
Ақ парақтағы жазу боп қалсын мәңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу