Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  65


Автор: Ғали Орманов

ТЕҢІЗ ТЬІНЫСЫ

Қапшағай жамылмапты мұз көрпесін,
Толқындар жатыр төсеп күнге өркешін.
Халқыма қалай риза болмайын мен
Осындай жасап берген нұр өлкесін.
Мені де теңіз бірге тербегендей,
Қарғиды толқын тіке желге көнбей,
Көрмейді төсегінде титтей тыным,
Қуаныш көкірегін кернегендей.
Су түрі сонша мөлдір көк шыныдай,
Ежелгі табиғаттың өз сынындай.
Жасырып бойындағы сол бітімін
Қарт Іле аққан екен тек тұнымай.
Теңізде талай тосын таптым қызық,
Жазғалы қағазға да тарттым сызық.
Тамшыға теңіз түгел ділгер жерлер
Шалқыған көк айдында жатыр жүзіп.
Тоғытып жатыр толқын тау бөктерін,
Толтырар маңын əлі өрнекке елім.
Бояуын жаңа тапқан балғын аймақ
Жақсы əсер талантыма бермек менің!
Қақ жарып Қапшағайдың шыңын бұзып,
Қойыпты құз жартастан жол жүргізіп,
Көпірлер таудан тауға адымдаған
Өнердің танытқандай түрін қызық!
Жасалған əсем үй тұр шыны тастан,
Шынына Қапшағайдың қиюласқан.
Іледе ырғын жатқан мол қуаттың
Тек осы үй тұңғыш сынап, сырын ашқан.
Бағандар содан шыққан жез бұйдалы,
Адымдап асып жатыр құз-қияны.
Жарыса сыммен аққан Іле нұры
Сəулеге тоғытады күнде ұяңды...
Мұнда мен оралармын əлі талай,
Алдымнан жыр өзенін ағытқандай.
Халқымның қартайсам да еңбегінен
Қалмаспын қаға беріс шабыт алмай!
Тынбаспын сірə соның күйін шертпей,
Қапшағай тұрмас əсте нұрын төкпей,
Жырлармын жерге орнаған жұрт бақытын
Екі айтпас елге берген ізгі серттей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу