Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  153


Автор: Ғали Орманов

ЕРТІС КҮШІ

Құшақта мені, кəрі Ертіс,
Толқының тұңғыш орасын.
Бойыңа біткен өрен күш
Маған да біраз тарасын.
Бір кезде Шоқан, Сəкенді
Осылай құшқан боларсың.
Өздерің сүйген өлкеңді
Өтіпті толғап олар шын.
Тербетсең солай сен мені,
Көңілге жыр боп қонарсың.
Толтырып ойға кеудемді,
Сөзімде бірге қаларсың.
Шағала құстай бозарып,
Жағаңды мен де кезейін.
Қалпыңнан ылғи сөз аңдып,
Жайыңды терең сезейін.
Арнаны кернеп тасыған
Арының əсте басылмас.
Жаңалап күштер қосылған
Секілді мəңгі басың жас!
Құшақта мені, кел, Ертіс,
Толқының тұңғыш орасын.
Бойыңа біткен өрен күш
Маған да біраз тарасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу