Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  84


Автор: Ғали Орманов

АҚЫН СƏЛЕМІ

Оқыдық жастан бəріміз
Абайдың жазған сəлемін.
Секілді ортақ əніміз –
Шертіпті сырын бар елдің.
Қиырға қилы жетіпті
Шырқаған əні Ордадан.
Сəлемін жолдап кетіпті
Сендермен бірге ол маған.
Шөлдерде сусын тапқандай
Оқыдым қанша сол хатты,
Өміріміз түгел жатқандай
Ойлары қанша толғантты!
Жырласын мейлі Тоғжанды,
Хат жазсын Қаламқасына.
Жалғапты жанын ол мəңгі
Үзілмес ұзақ ғасырға.
Жөнелткен жырақ Ордадан
Жолықпас кімдер бұл хатқа.
Сөздерін таныр арнаған
Тұрғылас түгіл, ұрпаққа.
Халқының жанын жарылқар
Қашан да ақын өлеңі.
Заманды нелер жаңғыртар
Алыстан жеткен сəлемі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу