Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  88


Автор: Ғали Орманов

ЕЛ МЕН АҚЫН

Мен өзім ойламаймын қартайдым деп,
Тұрсам да кейде шаршап,
жантайғым кеп.
Болмаймын еркелеткен елден егде,
Құлпырам ол қаласа қайта, гүлдеп.
Еркі оның десе маған етем жарлық,
Ол мені жаратқан жоқ бекер жан ғып.
Еңбегім емірентсе соның көңілін,
Еркелеп құшағында кетем қалғып.
Жазы көп жаным майса жасыл белдей
Тартылып қалман ерте тапшы көлдей.
Жігітше жыр қызуын сезсем болды,
Маужырап əлдекімше қаңсып өлмей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу