Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  113


Автор: Ғали Орманов

АТА СӨЗІ

Қарадым саған, Жəмила,
Секілді жазғы жауқазын.
Тіледім саулық жаныңа,
Мереке күні жампозым.
Маздаған майдың жазындай
Көңілің шалқып тұр ма екен?
Сақтаулы жатқан жазылмай,
Көкірегің толы жыр ма екен?
Шыным сол, айтсам, құлыным,
Теңемен саған еш пенде.
Жазбаған жырын ұлымның,
Жазып бер өзің өскенде.
Жадыңда сақта жалғыз-ақ
Жалынған сөзін атаңның:
Көрейін дейін мен ұзақ
Қызығын сендей ботамның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу