Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  72


Автор: Ғали Орманов

МАҚТЫМҚҰЛЫ МЕКЕНІ

Талай таудан көрнекті
Түрікменнің Соң-дағы.
Көңілімді тербетті
Көргендерім сондағы.
Қолдан қырлап үйгендей
Қилы жолақ төбелер.
Өтпес едің бір көрмей,
Жуық келсең сен егер.
Кемпірқосақ құрғандай
Құбылады со жерлер.
Бояуында тұрғандай
Пенде білмес көп енер...
Сол сəулеті төбенің
Сақталыпты ғасырға.
Мақтымқұлы өлеңін
Жазды ма екен осында?
Белент-дағының2 басынан
Көрді ме екен ол оны?
Соның нұрлы тасынан
Терді ме екен өлеңін?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу