Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  82


Автор: Ғафу Қайырбеков

ТОҚАШ БЕРДИЯРОВ

Қарайды көкке үзбей күн
Сағынса кейде жер жаңбыр,
Сондай-ақ сені іздеймін,
Ақындық сағынғанда бір,
Жақсы өлең сағынғанда бір.
Шабыттың құсы ұшқан сəт, –
Қаққанда шапшаң қанатын,
Дап-дайын мылтық секілді
Қолыма дереу ала сап,
Көздемей тартып қалатын.
Кезімді сенен іздеймін,
Кезекті берер мерген деп.
Көздер едің сонда бір
Көзімді сынап көрем деп,
Құлайтын еді атқаның
Биіктен сонау төмендеп.
Жүзіңе сонда күлкі кеп,
Қалдым ба деп қатты атып, –
Мылтықтың аузын сүрткілеп,
Тұрар едің сонау бір
Аспанда түтін тарқатып.
Дүниеде қымбат сол екен,
Қатар кешкен аңшылық,
Ордамыз біздің – ақ мекен
Шаңырағында күндіз-түн
Найзасы тұрған шаншылып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу