Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  76


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бір шуақты сөз айтсаң...

Бір шуақты сөз айтсаң,
Қуанады құлағым,
Бір күнімді ұзартсаң
Нең кетеді, шырағым?!
Деді маған қарт ақын, –
Мұны теріс түсінбе,
Сенен басқа айтатын
Қалмады ғой кісі де...
Бір əдемі сəлемге
Бір ат берер, заман-ай!
Өтер дəурен сенен де
Алды-артыңа қарамай»...
Сол сөзді мен жаңа ұқтым,
Мағынасы алыс, мəні зор.
Ұқтым-дағы, қамықтым:
«Дүние кезек» деген сол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу