Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  134


Автор: Ғафу Қайырбеков

Пəтер де алды, ақша алды...

Пəтер де алды, ақша алды,
Мекемені басқарды,
Жиып қойды үйіне
Інжу-маржан тастарды,
Ертіп жүрді қасына
Ылғи жалған достарды,
Мінді «Волга» сан түрлі,
Бар қылығы қошталды, –
Ақырында бəрінен
Бір-ақ күнде бос қалды.
Амандасқан ауыз жоқ,
Сыбырласқан ерін жоқ,
Ұшты желге қауыз боп,
Еккендері егін деп.
«Күштілердің» бəрі де –
Осылай сынбақ, жеңілмек.
Көпке дейін серілмес
Қауып, сіңіп қалған шаң, –
Өзіңді-өзің ерте-кеш
Қағып-сілкіп алмасаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу