Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  75


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ал, болдық, толдық – сонымен

Ал, болдық, толдық – сонымен
Бітті ме енді арманың?
Қалай бұрасың қолыңмен
Сен өмірдің ар жағын?
Бəрі де өлшем, мерзіммен, –
Қозға, миың оянсын,
Мынау ашқарақ мінезіңмен
Өзіңді жұтып қоярсың.
Мынау апат сүреңнен
Емделер дəру анық бар –
Қанағатты біреуден
Қарызға алсаң да – алып қал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу