Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  102


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ақ боз ат көптен бері бəйге алмаған...

Ақ боз ат көптен бері бəйге алмаған,
Шулатып той төбені айналмаған,
Шаншылып шаршы топты ұрандатпай.
Жануар көкірегіне қайғы орнаған.
Қамшысы найзағайдың шарт еткенде,
Алтын ер арқасына сарт еткенде
Майдағы ат жарысқа кетті түсіп,
Шылбырын көктем сүйреп əкеткенде.
Алдында алпыс аттың келді аңырап,
Жалынан сүйді келіп, ел жамырап.
Ақынға көктем айтты: – «Жол сенікі!
Тосыннан шабыт күткен сен де арғымақ!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу