Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  236


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бір аунап туған жерге қайту деген...

Бір аунап туған жерге қайту деген,
Оған да бір əңгіме айту деген,
Бойыңнан əл кеткенше – борышың ғой,
Сəлемің тең болатын тартуменен,
Қуатты өзі берген аяйсың ба,
Өзіне ұқсап туған қалпыңменен,
Жарқырап топырағында бір шоқ қалсын,
Түбінде жалыныма шарпыл, – деген,
Бала едік нəзік саусақ бата тілеп,
«Туған жер, қасиетіңнен артыл!» – деген.
Жарыстым желдің жылдам қанатымен
Баяғы өзің берген қарқынменен.
Тұяқтың сонда түскен от ізінен
Бұлақ боп саған деген атылды өлең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу