Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  66


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тұрмыс – дауыл қуған желі

Тұрмыс – дауыл қуған желі
Енді бізге жолықты...
Баяғыда туған жерін
Қыз сағынар болыпты.
Сағынбасқа жоқ шарасы –
Жылан жасын сарыққанша,
Бес бересі, алты аласы
Жоқ мекенге аттанса.
Туған жерін бұдан былай
Ер сағынар болды күн.
Не адамның яки құдай
Көрмесе де зорлығын.
Тастап-тастап кетті бəрі
Туған, өскен ойнағын.
Бəлкім, дəуір ықтыяры
Сөйтпесіне қоймады?
Ол сұрақтың жауабы алыс, –
Таба алмаспыз тегі біз.
Тастап кеткен ар мен намыс
Сонау ата-тегіміз.
Қол орамал секілденіп,
Бір сүртуден қалмайтын, –
Келмес жаққа бетін беріп,
Оралмасы болды айқын.
Өкініш пе, сағыныш па –
Кеудедегі бір өксік?..
Жұмбақ сезім алып-ұшпа
Ойды тербеп тұр өстіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу