Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  122


Автор: Ғафу Қайырбеков

К – К

Қолымда тұр көп хаттардың жинағы
Көңілге ауыр ой түсірді, қинады.
Айнытпастан ақ қағазға түсіріп,
Жан жалынын қандай сұлу сыйлады?
Əрқайсысы уақытымен тігілген,
Сөз жалыны бірі асады бірінен,
Кейде қалам айқын жазып пікірін,
Ұялған-ау, кей жерінде сүрінген.
Озды минут, озды сағат зырылдап,
Тек таймайды жұлдыз ғана жымыңдап.
Шіркін, жастық, жалыны көп өмірде
Өтті қастан талай сұлу қырындап.
Міне соның біреуінің хаты бұл.
Сақталыпты құпияда алты жыл.
Баяғыдай сезім беріп жүрекке,
Баяғыдай алаулаған қалпы тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу