Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  53


Автор: Ғафу Қайырбеков

Мартынов төменде, ақын жоғарыда...

Мартынов төменде, ақын жоғарыда,
Кезекті алғашқы рет ол алады да,
Сорлы ақын жауын аяп, аспанды атты –
Сенген жоқ соңғы сағат соғарына.
Ал анау сезген сəтін аман қалған,
Бойымен секунданттан наганды алған,
Көп көзден əккі жауыз тұрып алды,
Құртуға ұлы жауын оғы арналған.
Шақырып Машук тауы жылады атын,
Күңіренді күрең тартып құбылада күн,
Шарт етті оқ, шаңқ етті тау демі бітіп,
Табанда тіл тартпастан құлады ақын.
Эльбрус шыға келді бұлтты жарып,
Боздады бір сұрланып, біз бозарып,
Жанынан жан пенденің бəрі кетіп,
Жатты ол жауын астында жалғыз қалып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу