Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  95


Автор: Марфуға Айтқожина

ТЕҢІЗ САМАЛЫ

Қазақта елшісі бар, Түркияның,
Жүректен шашу етіп –
Жыр құямын.
Түркі елі, өзімнің аталасым,
Жатқанымен шетінде бір қияның!
Мақтаныш қой, өзіңмен қандастығым,
Қашанғы шөлім менің қанбас бүгін.
Қазақ пенен Түріктің қадірлісі,
Мəңгілікке,
Жаңғыртып Жалғасты үнім!
Көк туымда күн нұры, Қасқыраным,
Ай-жұлдыз,
Тарту етті, тасқын əнін!
Ақтеңіздің самалы тынбай есіп,
Тербейді,
Алматының жас құрағын.
Көгілдір күмбезінде Анкараның,
Алатау –
Шыңдарынан сан қарадым.
Стамбұлдан шақырған азан ба екен,
Жаныма саялатқан таң самалын,
Қашаннан
Осы еді ғой, аңсағаным!
Ризамын ықыласыңа, елші мырза,
Мен қалып,
Ораларсың, сен қиырға!
Сен кеткенмен,
Мен жүрем жырға бөлеп,
Құранға сенгендей-ақ,
Сенші жырға!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу