Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  70


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛТЫН АДАМ

Өзіңсің Жыл адамы, Алтын адам,
Маңдайда бақ жұлдызы жарқыраған.
Мерейің биік болып қашандағы,
Ошағың, болсын, дəйім,
Халқың аман!..
Тасқындап тұрған шақта арман-селің,
Ешқашан ортаймайды,
Арнаң сенің!..
Ержігіт сендей болар елі үшін,
Жаудырған жаңбырдайын маңдай терін.
Қазақтың хас аруы жары сүйген,
Жаның бір қалсын сергіп таныс үннен.
Жатсыншы,
Алатауым жаңғырығып,
Дүбірлет,
Тайбурылдай шабысыңмен!
Жаныңның жалындасын шырақ-нұры,
Келіп тұр, домбыра – жүрек құлақ күйі.
Жете бер, алда талай табыстарға,
Қазақтың,
Құттықтайды,
Жыр-Аққуы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу