Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  103


Автор: Марфуға Айтқожина

ГҮЛ КӨТЕРІП...

Мен Сізге келгенім жоқ гүл көтеріп,
Қалады, сан құлпырған гүл де семіп...
Сіз елші,
Мен ақынмын ел таныған,
Отырған халық қанша,
Бізге сеніп!
Мен Сізге келгенім жоқ бақыт сұрап,
Жағады жолымызға,
Уақыт шырақ
Тəңірден Сіз бен біздің тілеріміз,
Болса екен,
Халық бізден бақыттырақ!..
Досыма өзім дейтін табам уақыт,
Саған да, жандар қанша,
Маған ғашық?!.
Қазақ пен Түркі елі бірлеспесе,
Сенемін, жатпасына –
Жамандасып!..
Мен Сізге келгенім жоқ гүл көтеріп,
Қалады, сан құлпырған гүл де семіп...
Гүлден нəзік көңілімді алып келдім,
Отырған халық қанша, Бізге сеніп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу