Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  82


Автор: Марфуға Айтқожина

КӨҢІЛДІ ОТЫР МҰҢ БАСЫП...

Күнімен күздің жымдасып,
Көңілді отыр мұң басып...
Мұң басқан жанды жұбатар,
Жанымда жалғыз,
Жыр-ғашық!
Еңсеріп ойлар еңсемді,
Тотығұс,
Торда теңселді...
Өзіңе сенім артамын,
Мен ғана емес,
Ел сенді!..
Малынып маңым арайға,
Жақсылық келер қалай да.
Ескі үйім –
Өмір сырласы,
Бергісіз ақ Сарайға!..
Түңілме көңіл, түңілме,
Түңілмей жеттің бүгінге...
Тербелді жыр бесігі,
Осынау көне үйіңде.
...Келеді бақыт, түбінде!..
Түңілме, көңіл, түңілме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу