Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  130


Автор: Марфуға Айтқожина

САМҒА БИІК

(Қасымжомартқа)
Өмірдің мəнін ұққан терең адам,
Өзгеше жан еді ғой,
Кемел Ағам!
Жолына жалғыз ұлдың бəрін арнап,
Ерекше үміт күткен, сенен адал!..
Жай емес, Əке үмітін ақтағаның,
Дос тұрғай, атың бүгін жатқа мəлім.
Бір туар Азаматы қазағымның,
Бауырым, өзіңменен мақтанамын!
Ойыңды ана тілмен толғап тұнық,
Келесің, елмен-елді жалғастырып.
Өзіңдей Ер тұрғаңда, Елім тыныш,
Қалықта, қас қырандай самғап биік!
Тербетіп қала түнін, дала түнін,
Жарастық берді жанға, Ана тілің!
Қолдайды қашан дағы туған елің,
Өзіңдей орны бөлек, тамаша ұлын!
Сырына замананың тереңдеген,
Ақын ем, Ел-жұрт десе елеңдеген.
Жаныма күн нұрындай қуат берген,
Сендерсіз жүрегімнен төгем бе өлең!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу