Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  109


Автор: Марфуға Айтқожина

МЫҚТЫЛЫҚ

Қараңдаршы,
Бұл недеген мықтылық,
Қарсы алуда, туған елің тік тұрып!
Сіз келесіз бүкіл Əлем жұртына,
Қазағыңның – кім екенін ұқтырып!
Қазағымның кім екенін ұқтырып,
Мықтылықтан – талай елді ықтырып!..
Мықтылықтың құдіреті емес пе?
Ел деп соққан жүрегіңді ұқты жұрт!
Тыныстайды елімізде тыныштық,
Тыныштықты келем жанға, тыныс қып!
Төбемізден төңкерілген нұрлы күн –
Туған елдің махаббаты ол, тым ыстық!
Айта салған сөз емес бұл атүсті,
Айтылар ой, мықтылыққа қатысты.
Мықтылықтың арқасында Қазағым,
Жалғап жатыр, Бүкіл Шығыс, Батысты!..
Қабырғасын ыдыратып қайғының,
Асырды елім,
Дүниеге айбынын!
Қазағымның мəртебесі биік тұр,
Салтанатқа бергісіз боп жай күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу