Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  338


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚАРҚАРАЛЫ ТАУЫНЫҢ МАРАЛЫНДАЙ

(Ырымбала əн салғанда)
Қандай сазды, сызылған үнің сенің,
Құйылады жүрекке сұлу сезім.
Жұрт айтқанда сен жайлы аңыздай ғып,
Көрудің сəтін күтіп жүруші едім.
Жүректерге жалғаған ойын ізгі,
Қауыштырды –
Қасымның тойы бізді...
Келе жатып сол тойдан əн шырқадың,
Сезімдерге билетіп бойымызды.
Жан екенсің жөн білер, төзімді, есті,
Бастап жүрдің сол тойда өзің көшті.
Үнсіз тыңдап отырдым,
Үнсіз толқып,
Білмеймін,
Жігіт қандай сезім кешті?!.
Дарымайды бұл өнер, жанға бекер,
Жақсы тілек, арусың,
Арнап өтер.
Ақын-сазгер, əнші Естай
Арғы Атаң,
Қалған дарын Атадан,
Қанда кетер...
Қонып қалған секілді қабағыңда ай,
Нұрланбайды жүзің де,
Жанарың жай.
Қарқаралы тауының –
Қасым өскен,
Көрінесің көзіме маралындай!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу