Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  87


Автор: Марфуға Айтқожина

ӨЗ ДАУСЫМНАН ОЯНДЫМ...

Мен едім, бой түзеген талшыбығың,
Есіңе бəрін қайта алшы бүгін.
Өмірден кетсең де ерте,
Аяулы Анам,
Естіп жүр аруағың жан шырылын...
Сан көшкен керуендей сахарадан,
Өмірге келіп, кетіп жатар адам...
Сипадың маңдайымнан таяп келіп,
Ояндым,
Өз даусымнан, Апалаған!...
Жұрт ұйқыда, атпапты, таң қараңғы,
Оятпадым жарымды,
Жан баламды...
Сарыла күтіп сонша жатқандаймын,
Қоңыр үн,
Қоңырлата салған əнді...
Түсімнен шошынбадым, үрей билеп,
Далада қарлы боран,
Үдейді, үрлеп...
Аңсадым,
Əлде кімді іздедім мен,
Алыстан тілеуімді
Тілей жүр деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу