Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  115


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚҰШТАР БОЛЫП...

Жұлдыздай қос жанары жанып тұрған,
Тəңір ме,
Бізді Сізбен таныстырған.
Отырсыз айналаға көрік беріп,
Бейне бір жаралғандай,
Жарық нұрдан!
Жарасқан келбетіңе ұстам, көрік,
Өтер ем, жігіт болсам,
Құштар болып...
Өзіңді көру үшін таңсəріде,
Жүрер ем, гүл бағыңа
Құстай қонып.
Құс та емес,
Жігіт те емес, ақынмын мен,
Танытқан ел-жұртына
Атын жырмен.
Арада бір құпия жалғастық бар,
Қабысып сұлулықпен жатыр ма іргем!
Ол əлде самалдайын қоңыр үн бе,
Сан арумен кездескем өмірімде.
Орының өзгелерден бөлек тұр ғой,
Ол əлде,
Көлдей тұнық,
Көңілің бе?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу