Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  219


Автор: Марфуға Айтқожина

«Көбі кетіп өмірдің, азы қалды...»

«Көбі кетіп өмірдің, азы қалды...»
Болмайды екен адамның жазы мəңгі.
Жиып-терген осынау тіршілікте,
Халқыма арнадым
Жыр – қазынамды.
Жылу алды жүрегім жарық күннен,
Жарық күндей жырларды анық сүйгем!
Қарапайым осынау халқым үшін,
Ойда, бойда, барымды сарықтым мен.
Сүзіп ішкен жан едім, тұнықтан көп,
Ұмытпаймын түгіңді,
Ұмытқам жоқ...
Самалы есіп
Сайрамның желпіндірген,
Жүруші едім,
Мен ақша бұлттай боп!...
Бүгін тағы түнедім, шың басына,
Биік шыңдар,
Жанымның сырласы ма?!
Қанша биік болса да
Ұлы таулар,
Жақын ба екен олар да,
Мұңға, сірə?!.
Неге мұнша қамықты, көңіл неден,
Ақтарылды, толқыды,
Төгілді өлең!..
Күрес пе еді, «итжығыс» мынау өмір,
Күндеріме ризамын, жеңілмеген!..
«Көбі кетіп өмірдің, азы қалды...»
Болмайды екен, адамның жазы мəңгі.
Жиып-терген осынау тіршілікте,
Халқыма арнадым
Жыр – қазынамды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу