Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  94


Автор: Марфуға Айтқожина

Көңіл мынау...

Көңіл мынау,
Көлдерді, тауларды өпкен,
Көп нəрсені келемін армандап мен.
Жүрсе-дағы шағылып тауым менің,
Қайтқаным жоқ, тегінде алған беттен.
Қанша кетіп жүрсе де салым суға,
Бөленеді жүрегім жалын-сырға.
Дарындыны бақыттан кенжелетіп,
Бақыт берген, өлшеусіз
Дарынсызға!..
Кіндік қаным төгілген елімді ойлап,
Тереңдерге кетеді көңіл бойлап.
Арашалап жүретін жамандықтан,
Сарқылмаған жалғыз-ақ,
Сенім – қайрат...
Айырмасын біздерді жалғастықтан,
Сөндірмеймін сезімді алғашқы ұққан.
Жетсе екен деп жырларым
Армандаймын,
Тоқтар менен –
Ғарышқа
Талғат шыққан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу