Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  93


Автор: Марфуға Айтқожина

Таң атып, кейде маған батпайтын күн...

Таң атып, кейде маған батпайтын күн,
Көз жұмсам,
Көкіректі қаптайтын мұң...
Тағы да сол сағыныш сырласқаным,
Тəңір-ай,
Ешбір емін таппай жүрмін...
Бата алмай жанарыма қарауға тік,
Кінəлі жылдар өтті жаяулатып...
Қалқам-ай, өзің айтшы, қандай сезім,
Жүректі жүрген əлі алаулатып?!.
Күндер өтті, қайрылып бір қарамай,
Төкті ызғарын қаншама,
Жылдар арай!..
Оның да көкірегі мұңлы ма екен,
Бұлтқа жүзін жасырып,
Сырғанады Ай...
Біле алмадым, бəріне кінəлі кім.
Құлағымда қоңырлап тұрады үнің.
Мен əйтеуір ешкімді кінəламан,
Бір тағдырдан себебін сұра бұның...
Тыным бермей тербеген ойлар басым,
Көп нəрсеге нанушы ем,
Қайран басым!..
Қызғаныштың орны бар, ойлашы өзің,
Қызғанышың
Қасіретке айналмасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу